Баянөлгей
Бұл бетте «Баянөлгей» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алтайдың келіп саласына мен,
керуен де керуен сөз артып,
Баянөлгейдің ауасыменен
қолқамды тұрмын тазартып.
Тілі де таза, ділі де даңғыл,
діні де әлі дуалы,
ағада — бата, ініде — ән-жыр,
думанға толы дуаны.
Ибалы жүз бен иманды көңіл
иіліп жастық болғандай,
қонақкәдеден қиналды небір
өнерсіз мендей сормаңдай.
Өрістен есен сарлығы қайтып,
табаққа салып тәуірін,
«Мұңлығы менен Зарлығын» айтып
мұңайған менің бауырым.
Сыбызғыларын суарып алып,
күй шалып тұз бен шекерлі,
«қонақ келді!» деп қуанып анық,
аңсайды ата мекенді.
«Көшеміз, дейді, Қазақстанға!..» —
жігіттер жанып көздері.
Баянда, бірақ базары ұшқанға
ұқсамай тұр-ау өздері!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі