Терісқақпай
Бұл бетте «Терісқақпай» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір өтер
«ерте ме, кеш пе» деме,
жабысқанның сыйы сол қос кемеге,
адамдардың зердесін шаң басады,
артымызда қалмайды ештеңе де.
Көз жұма сап боламыз кенет
ұмыт,
жоқтамайды көк пенен жер өкіріп,
өз қайғысы өзінде келер ұрпақ, —
«ұмытпаймыз!» дегеннің бәрі өтірік.
Қара жердің қойнында сыналанып,
баяғыдай жатады бұлақ ағып,
ұрпақтардың мойнына кигізілер,
мойнымыздан шешіліп мына, қамыт.
Қожайыны сен болсаң кең даланың,
қамытыңды ала қой,
кел, қарағым,
жал-құйрығын жел сүзіп,
желіп кетер,
уақыт деген ғайыбың мен боламын!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі