Келсе де тағдырыммен ерегескім

Бұл бетте «Келсе де тағдырыммен ерегескім» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Келсе де тағдырыммен ерегескім,
Толғатқан бұл жырларды мен емеспін!
Отыр ғой ой-жүйемді
Біреу билеп,
Дегендей:
«Өз жолыңды неге кестің?»
Тұрса да алдан торып қауіп-қатер,
Жүйрігім мойнын бұрмай шауып кетер.
Жұрт айтар:
«Өзі жұтты өз басын, деп,
Мезгілсіз шақырғандай тауық бекер».
Заманның ағымына қарсыластым,
Аямай қайратыма қамшы бастым.
Ешкімнің алдында мен ақталам деп,
Жанымды жұмыртқадай аршымаспын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері