Ақыл тісі шықса да ақыл кірмей
Бұл бетте «Ақыл тісі шықса да ақыл кірмей» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақыл тісі шықса да ақыл кірмей,
Ақылдыларға жақын жүрмей,
Бір дұшпанының атын білмей,
Ақымақ болған қайран басым,
Мүшел жасқа кеп ойланғасын —
Не сорым?
Ой бағып, қой мен қозы бақпай,
Құлағы барға сөзі жақпай,
Ақ пен қараны ажыратпай,
Адасып баққан соқыр басым,
Мүшел жасқа кеп опынғасын —
Не сорым?
Жалғанды жалпағынан басып та өткен,
Қызуының қайнарын шашып-төккен,
Қызықтың да қақпасын ашып кеткен,
Кісіні менсінбес құмай басым,
Мүшел жасқа кеп мұңайғасын —
Не сорым?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі