Өмірді дұрыс сүрмей келіппін
Бұл бетте «Өмірді дұрыс сүрмей келіппін» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірді дұрыс сүрмей келіппін,
Жетекке түзу жүрмей келіппін,
Біріне жолай мінбей көліктің,
Өз желкенімді өзім үрлей беріппін, —
Өкінбен!
Біреуге бола ау құра алмаспын,
Жазықсыз жанды жау қыла алмаспын,
Ешкіммен келмес тағдыр алмасқым,
Өмірдің өзі баулыған жаспын, —
Өкінбен!
Өзімше сүрген олақ өмірім,
Шикі де шала, шолақ өмірім,
Алтын мен күміс, қола, көмірін
Оң-солды шашқан шора көңілім,
Өкінбен!
Бұл өмір деген өнеге ме өзі?
Өртеңнің өнер келе ме кезі?
Құдайдың мұны көре ме көзі?
Өкініш деген немене өзі?
Өкінбен!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі