Медеу
Бұл бетте «Медеу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Медеуге күніге баршы,
Айдынға үңіле қалшы:
Жұрт түгел сырғанайды онда,
Сағаттың тіліне қарсы.
Байқашы жан сырын ұғып,
Көзінде таң шығы күліп,
Осы жұрт жынданған жоқ па
Уақытқа қарсы жүгіріп?
Парызды ойланар күн кеп,
Бұл да бір қолға алар міндет:
Сағаттың тіліне қарсы
Кағбаны айналар үмбет.
Жұмбақ-ау,
Тегі, бұл жалған,
Бәрінің өңі нұрланған.
Тапты екен қандай қанағат,
Уақытты кері бұрғаннан?
Ағарған самайымды
Елге
Көрсетпей жабайын демде...
Сағаттың тіліне қарсы
Жүгіріп бағайын мен де!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі