Күшік
Бұл бетте «Күшік» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кішіде қандай баға бар? —
Қаукелек қақсам кішік боп,
Арлан боп алған ағалар,
Әзілдер маған «күшік» деп...
Әлемнің бүкіл иттері
Жабылып үріп жатқанда,
Қосыла қойман — өйткені
Жоқпын ғой үрген, қапқанға.
«Қабаған бол!» — деп шулайды ел,
Үрмесең — құның көк тиын.
Күшік боп оңай туғанмен,
Күшік боп қалу көп қиын!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі