Өрмекші
Бұл бетте «Өрмекші» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күндер еді бұл неткен
әрі-сәрі?..
Жапырақтың жердегі бәрі сары.
Сынбаған ба ақынның әлі сағы —
Қалам қысқан саусағы қарысады.
Мылқау көктің көркі ме соқыр Ай, Күн?
Өрмекші де өрмегін тоқымай тым
Өлімсіреп тұрғанда туған өлең
Кімге керек?
Ешкім де оқымайтын.
Түсінетін пенде жоқ сөз бағасын,
Көзін емес
шел басқан көзқарасын.
Өлеңіңді ішіңде өлтір,
Ақын,
Кей өрмекші жейді екен өз баласын...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі