Алданған ұрпақ
Бұл бетте «Алданған ұрпақ» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, мен нені өмірде ұрлатпадым:
Жүрегімнің жоғалттым нұрлы оттарын,
Жастығымның жоғалттым гүл бақтарын,
Шаттығымның жоғалттым ырғақтарын.
Махаббаттың тұтатар шоғын үрлеп,
Көкіректе желбуаз көрігім жоқ.
Кітап біткен ұрлады көз нұрымды,
Алдап жүріп айнымас серігім боп.
О, мен кімнен өмірде алданбадым:
Алдамшы боп шықты ғой армандарым,
Қарамасқа айналды қорғандарым,
Дар ағашқа айналды ормандарым.
Үміт қайда,
Білмеймін мақсат қайда,
Жағымпаз боп жүгінбей жақсы ат қайда?
Барды сатып,
Бүгінде арды сатып,
Болар еді түбінде тапсақ пайда...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі