Аямейіз

Бұл бетте «Аямейіз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аямейіз — алты күн,
алағаншыққа айналды.
Қыстың тулақ — тамтығын
қанжығасына байланды.
Құс қанаты сызылып,
қысастық қылды кісәпір,
бет-моншағы үзіліп,
болады-ау ертең мүсәпір.
Теріс таққан тебінгі,
бұлқан да талқан бораны...
көңілдегі кеміңді
толтыра алса жарады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері