Қысқа жіп
Бұл бетте «Қысқа жіп» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сендерге бола алмадым сүйеніш,
сорым — ұзақ,
қолым — қысқа,
күйеді іш...
құдды мендей ұялатын тәрізді,
құмға басын тығып тұрған түйеқұс.
Тоқта тұрған жүрегім бар тыз еткіш,
табаным бар,
қабағым бар сыз өткіш,
достарым бар
дымым шықса түзеткіш,
аспаным бар
адымымды күзеткіш.
Дөңайбат қып,
дүрдигенмен құр кеуде,
қысқа жібім келмей қойды-ау күрмеуге.
Болар да еді бәрін қайта бастауға,
бұл өмірді болар да еді сүрмеуге...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі