Қандыкөйлек
Бұл бетте «Қандыкөйлек» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімтал,
Сергек,
Сері,
Серке жігіт,
Сең бұздың сере мұзға ерте кіріп,
Жауға атқан Махамбеттің жебесісің,
Жорықта домбырасын шерте жүріп!
Мөп-мөлдір көңіліңнің тұнықтығын,
Бұл әлем болмады ма ұғып бүгін?
Сездірмес сенің ыстық жүрегің бар
Тағдырдың тоң мінезді суықтығын.
Қырық жас бізден кейін қалды ғой деп,
Қамықпа,
Қайран досым — қандыкөйлек.
Қызығы тарқамайтын бұл дәуренді
Ойлайық бастан өтпес мәңгі ғой деп!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі