Біздер де ғашық болғанбыз
Бұл бетте «Біздер де ғашық болғанбыз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сызданба, тағдыр сызданба,
Бұйырған бақты қызғанба.
Еліктей ерке қыздарға
Біздер де ғашық болғанбыз!
Лапылдап жүрек ұмтылып.
Көңілге мөлдір мұң тұнып,
Іңкәр боп ыстық ынтығып,
Біздер де ғашық болғанбыз.
Елітіп әсем еркелік,
Шырындай тәтті шер төгіп,
Өле де жаздап өртеніп,
Біздер де ғашық болғанбыз.
От сезім бойды мас қылып,
Кей уақта басты тасқа ұрып,
Бейуақта көзге жас тұнып,
Біздер де ғашық болғанбыз.
Бір ауыз сөзден суынған,
Бір ауыз сөзден жылынған
Күйіп те жанып шыбын жан
Біздер де ғашық болғанбыз.
Аспанда маздап, лайым,
Алмасып жатса күн, айым,
Бұйыртар болса құдайым,
Әлі де ғашық болармыз!..
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі