Көкте жұлдыз жымыңдасып

Бұл бетте «Көкте жұлдыз жымыңдасып» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкте жұлдыз жымыңдасып,
көзін ашса,
жас ақын
сүйгенімен сыбырласып,
сезім сырын ашатын.
Кеуде тосып түнгі ызғарға
жүрек кенін қазатын,
қарай-қарай жұлдыздарға
ғазалдарын жазатын.
Малынса да сақал аққа,
түсінбеймін ал, бүгін:
жұлдыздардың махаббатқа
не қатысы барлығын?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері