Жығылды жаудың жалауы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жығылды жаудың жалауы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2647
Алынды Берлин қамалы,
Жұлдыздар шашты Москва.
Жығылды жаудың жалауы,
Төселді аяқ астына.
Европаның үстінду
Жүзді бұл неше жыл қаңғып.
Керексіз қазір ешкімге,
Орасаң, мейлі, шұлғау қып.
Батырлар аттап барады
Жау туының көпірін.
Сусиды фашист жалауы
Солдаттың сүртіп етігін.
Көтерілді жоғары
Жеңімпаз елдің жалауы,
Жұмысшының балғасы,
Шаруаның орағы,
Солдаттың қару-жарағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері