Жарлы тіл
Бұл бетте «Жарлы тіл» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған тіл туралы өлең берілген.
Көркіңді сенің ашуға
тілім жетпейді,
Өртіңді сенің басуға
білім жетпейді.
Қоңырауыңды
қағуға қолым бармайды,
Омырауыңды
ойнатып дірілдет, мейлі.
Қиылып маған қарадың
бүйірдегі оттай,
Бұйығып барам, қарағым,
сүюге батпай.
Тайқарға мінген құрдасым
үйінде жатпай,
«Байталда нең бар, деп жүрер,
үйірдегі аттай».
Ақ мәрмар қыздың балтыры
қарды күреді,
Алдаспан көздің жарқылы
жанды тіледі.
Көзел қыз көзін сүзгенде
қырқылып қалар
Біздің тіл өзі не қылған
жарлы тіл еді!?.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі