Сен мені іңкәр еттің
Бұл бетте «Сен мені іңкәр еттің» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен мені іңкәр еттің,
ақ қанат гәккуімдей,
мендегі сұңқар екпін,
тынар ма аққу ілмей?
Күй толы ішектердей
көгілдір көкжиектен,
сусылдап құс өткендей,
тұсыңнан мен жиі өткем.
Көліңнің толқындарын,
көк дауыл шайқағанда,
сен мені, бәлкім, жаным,
боларсың байқаған да.
Уілдеп үпілмәлік,
әніңе ән қосқанда,
жүрегің лүпіл қағып,
самғарсың сен де аспанға.
Алқынып қусам — қашып,
келе алмай жарасымға,
жүрер ек душарласып,
ақ бұлттың арасында.
Мен шырқар зеңгірлерге
бір шықсаң — қайтпас едің,
төркінің — мөлдір көлге
сәлем де айтпас едің!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі