Бұл бетте «Сардарабад» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жуылған жаз жауынына
Бізді қарсы алды Арарат.
Тартты бізді бауырына
Сардарабад, Сардарабад!
Мұнда талай аққан қандар,
Қызыл күрең, қан түсіндей,
Мұнда талай жатқан жандар
Аруағына шаң түсірмей.
Мұнда елген арлы жандар,
Өр қайратын кекке жанып,
Жауға атылған армяндар
Айыр ұстап, кетпен алып.
Қамал соғьш тастан үйлер,
Қанжар болған жердегі тал.
Жауға атылған жас сәбилер,
Кәрі кемпір, өлмелі шал.
Бір сілкініп жақын жұртқа
Қалған сонда зарлы Арарат.
Куә болған батырлыққа,
Сардарабад, Сардарабад!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі