Грамматика
Бұл бетте «Грамматика» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл бір сөйлем сонау жылы басталған,
басталған да тасталған:
майлы саусақ таңбасы бар шетінде,
бір шетіне жас тамған...
о баста бұл сөйлем еді лепті,
дір еткізер жүректі,
пайда болып нүктелер мен үтірлер,
сарсылумен, күрсінумен күні өтті...
содан бері шұбырған із — көп нүкте,
(көп нүктесін көрдік те)
кейбіреуі тесік болып түседі,
жыл жылжыса жуандаған белдікке...
кей тұсында шиырланған үтірлер —
көр түземес бүкір бел,
шүкіршілік, —
күпіршілік болмапты,
жанықтырып:
«желге қарсы түкір!» дер...
сол сөйлемге сырын ашып жырақтар,
құйып жатар бұлақтар,
жолын оның кес-кестейді мәңгілік
сарқылмайтын сұрақ... сұрақ... сұрақтар.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі