Жұлдыздарға іңкәрлік
Бұл бетте «Жұлдыздарға іңкәрлік» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспаннан көре алмасам жұлдыздарды,
Тірліктің түсі тартар мүлде ызғарлы.
Жабығып жан-жүрегім жадаурайды,
Көңілім кешкендей боп кіл мұз-қарды.
Болса да жылуы жоқ
Жылтырақ құр,
Жанарым неге іздейді шырқырап бір?
Білмеймін бұл не жұмбақ? —
Сол жұлдызда
Жүректің ашылмаған құлпы қап тұр.
Құштармын жұлдыздарға қаршадайдан,
Аумайды аспан маған жан сарайдан.
Жұлдызсыз түнді көрсем
Жаным — соқыр,
Тұншығып бұршақтайды тер самайдан.
Жұлдызсыз аспан маған —
Гүлсіз бақтай,
Шоламын түн құрғатпай
Үнсіз жатпай.
Бір жұлдыз байқап қалсам
Қуанамын
Құдайдан келе жатқан тілсіз хаттай..
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі