Грузин қарттары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Грузин қарттары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3042
Білгің келсе грузиннің қарттарын,
Жүзге келіп желдей жүйрік атқа мін.
Кавказ таудың шығып қия-шыңына,
Дариялдың аралап көр шатқалын.
Қыс қарындай жатса-дағы баста бұлт,
Қазыбектей тұрады олар қасқарып.
Қыздарменен дөңгелейді құйындай
Той-думанда мәжілісті басқарып.
Жас кездегі жалынындай арманның,
Көздерінде сөнбей оты жанған күн.
Әрқайсысы Амиранның өзіндей;
Әр қайсысы құдайындай жалғанның.
Олармен сен тәуекелге түсіп көр,
Мықты болсаң күсті қолын қысып көр.
Қос литрлік мүйізімен қодастың
Кахетиннің от шарабын ішіп көр.
Сен оларға тұра алмайсын таңданбай,
Тариэлдің күші оларда қалғандай.
Сен олардан қызғанасың қарттықты,
Жігіттігің жарты жолда қалғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Грузин қарттары өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Грузин қарттары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Грузин қарттары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Грузин қарттары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері