Өткел

Бұл бетте «Өткел» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2146
Жағасында жалаң бас
Жалбыр шашты талдары.
Құмды тілген ақ алмас
Жатыр өткел — Қарғалы.
Көбіктенсе көктемде
Шашып жарға ақ күміс,
Жаз осы бір өткелде
Естілмейді жат дыбыс.
Бастап өмір жолдары,
Асқан шыңым көп менің.
Бірақ осы Қарғалы —
Тұңғыш өткен өткелім.
Өмірімнің бастығы,
Өткелі осы секілді.
Осы арадан бастадым
Асулардан өтуді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткел өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өткел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері