Құрақ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Құрақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2236
Жел сарнаған маңы у-шу,
Желбірейді бал құрақ
Қара терең, қанды су
Алдырмайды ал бірақ.
Түссең түпсіз шетінен
Түйетайлы тұңғиық.
Су шыныны бетінен,
Сыпырады күн қиып.
Ұқсайды көл лөкке
Қара бұлттай шудалы.
Жатыр мола жиекте —
Махаббаттың құрбаны.
Не деді екен өлерде,
Тыңдады екен зарын кім?
Тұрған құрақ тереңде,
Үкісі ме арудың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрақ өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Құрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері