Өлең, жыр, ақындар

Ұрпақ үні

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1269
Уа, бабам, ұрпақтарға, уақытқа сенген ең,
Ұлы Жердің үстінде:
Болашағың — Мен келем!
Жұлдызың боп сөнбеген,
Жолдарың боп өлмеген.
Бақытыңдай өңіңде.
Ешқашанда көрмеген.
Болашағың —
Мен келем
Өмір атты ту ұстап
Әкелердің сыйлаған бақыт гүлін уыстап.
Қуан бұған, күл мейлің,
Қайғыны мен білмеймін.
Кең даламда бүр жарған
Көктемдегі гүлдеймін.
Аққулардай самғадым арманы асқақ қияға,
Сағынышпен қараймын ақ мамықтай ұяма
Қабырғама батпаған.
Айдын көлдей пәк балаң,
Мөлдір өмір —
тынысым,
Лайлану —
Жат маған.
Тағдырыма өкпем жоқ қуаныш боп қарсы
алған,
Әкелерге өкпем жоқ бақыт үшін жар салған.
Біздер үшін жан беріп,
Қанын төгіп, қан беріп...
Енді менің санамда,
Қайғы деген қалды өліп.
Тірілтуге қақым жоқ ешқашанда оны мен.
Бабалардың ізімен, әкелердің жолымен,
Сапар тартып келемін,
Бәріне де көнемін,
Бәріне де бара алам,
Жасартуға сені, елім.
Тірі тұрса Ұлы жер өр жалына жармасам,
Ғасырлардан ғасырға Уақыт болып жалғасам.
Күнім өшпей тұрғанда,
Гүлім өшпей тұрғанда,
Ұлы байтақ Отаным,
Дұшпан баспас бұл маңға.
Келер күннің ұрпағы, саған сырды ақтарам,
Болашағым ертеңгі, мен өзіңнен бақ табам.
Баба жолын ақтаған
Әкелерге мақтанам,
Дәуір жүгін артып ап.
Келешекке аттанам.
Келер күнге жеткізем дүниенің шуағын,
Көңілдерден кірбің мен көлеңкені куамын.
Жалғастырып келемін,
Келер күннің нұры үшін,
Адамзаттың ұлы ісін.
Ақтала ма борышың, ақтала ма парызың?
Бұл әлемде, жан бабам— мен арқылы бар
ізің.
Жұлдызыңмын өшпеген,
Еркін ескен ескек ем,
Мен несіне сескенем,
Арман атты көшке ерем.
Өтеледі парызың, келер күнге сен, бабам,
Жыламаған ешқашан бірінші ұрпақ —
Мен болам.
Мұң-қайғысыз кең далам,
Өксімейді енді Адам!
Менің балғын жүзімнен,
Өз бақытын көрді анам.
Анам сезді бақытын менің мұңсыз күлкімнен,
Балаң сезді бақытын — шұғылалы бұл күннен.
Көлдей мөлдір тынықпын,
Сырым терең тұнықпын.
Қуанышты күлкіммен
Қайғы-мұңды ұмыттым...
Бабалардың ізінде, әкелердін жолында
Қалған өмір,
Білдің бе, мына менің қолымда.
Көңілімде гүл шығып,
Көкейіме тұр сіңіп.
Лүпіл қағып келеді
Жүрегімде тіршілік.
Заманым ғажап!
Бағым ба?
Толған айдай шағымда,
Келер күнге жол тартып, келемін Уакыт —
ағында,
Ұқсап бір аппақ желкенге,
Көңілдің күйін шертем деп,
Өмірге келдім кеше мен,
Сағына қарап Ертеңге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана туралы баллада

  • 0
  • 0

Туған жердің топырағынан жаралған,
Адам, сені күткен Тау мен Дала алдан,
Бұл ғұмырдың басында ұлы Ана тұр,
Өмір жолы басталады Анаңнан!

Толық

Мендей сүйсе...

  • 0
  • 0

Өмірдің мен де мейман қонағымын,
Аңдайтын жолаушымын жол ағымын.
Тең тұрар төрағасы болсам деймін,
Қазақты сүйетіндер Одағының!

Толық

Біздің ғасыр

  • 0
  • 0

Түнгі он екі болғанын көріп біліп,
Кеудемді билеп алды көрікті үміт.
Өмір! Саған арнаған Өлең жаздым,
Бүгінді Ертеңіме жолықтырып!..

Толық

Қарап көріңіз