Өшіріңдер жұлдыздарды
Бұл бетте «Өшіріңдер жұлдыздарды» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өшіріңдер жұлдыздарды,
Сөндіріңдер күн, айды,
Жылытыңдар түнгі ызғарды,
Жұбатыңдар құдайды.
Жылатпаңдар бұлттарды да,
Күрсінтпеңдер теңізді.
Айтатұғын жұрт қалды ма
Асыл сөзін ең ізгі?
Қалса — айтсын,
Сыр ақтарсын,
Тыңдайын да соңғы рет,
Көз жасы боп бұлақтардың
Көкке ұшайын мөлдіреп...
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі