Жарғанат жыры
Бұл бетте «Жарғанат жыры» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кел, кел, түнек!
Кел, түнек!
Өлер болдым тентіреп,
өлер болдым өртеніп,
өшір мені, бол тірек!
Қап-қара түн, түнек түн!
Құрсағыңнан шыр еттім,
құшағыңда ержетіп,
құндағыңда түлеппін.
Түннен туған халықпын,
түн қойнында жаныппын,
қара көзім қарығып,
жарық күннен жалықтым.
Кел, кел, түнек!
Кел, түнек!
О, жаратқан, бер тілек,
жол үстінде жортайын
желкендіге жел тілеп.
Кел, кел түнек!
Көз ілме,
Тас тұғыр бол төзімге,
жердегі бар жарықтың
түп-төркіні өзіңде!
Кел, кел түнек! Кел түнек!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі