Пісіміллә
Бұл бетте «Пісіміллә» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пісіміллә...
Қайдан жүр кісі мұнда?..
Жын бар ма екен көздердің қысығында,
Кім қалды екен сөздердің ұшығында,
Пісіміллә, пісіміллә...
Пісіміллә,
Перизат, перілердің
Көрпесінде күйеудей керілермін,
«Пісіміллә» деуге де ерінермін,
сынығындай сонау бір серілердің.
Пісіміллә,
пейіштің пендесіндей,
Пәнилікке кетермін жерге сіңбей,
Баспалдақтар барады сүріндіріп,
Сағақтағы сырғақтың пернесіндей.
Пісіміллә, періңді шақыр маған,
Мені көрсе көк аспан шатырлаған,
«Пісіміллә» демеске шарам қайсы,
Жүрегінен аспанның от ұрлағам!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі