Болсам-ау

Бұл бетте «Болсам-ау» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2256
(Қырғыз әуенімен)
Ақсақалды атаның
Ақ батасы болсам-ау.
Ақ жаулықты ананың
Ақ ботасы болсам-ау.
Көктем күні тасыған
Шу өзені болсам-ау.
Бұлт кетпеген басынан
Қырғыз тауға қонсам-ау.
Қолдан таңды атырып,
Күнмен бірге ақсам-ау.
Айды бірге батырып,
Аймен бірге жатсам-ау.
Бұрхан дария су кешіп,
Өткелдерден өтсем-ау.
Жолбарысты ну кешіп,
Сүйгеніме жетсем-ау.
* * *
Көкшенің көк аспандай таулары бар,
Қолыңнан келсе, қозғап аударып ал.
Құяды көк торғын бұлт жаңбыр жасын,
Атаның сонда аппақ арманы бар.
Басынан жаз өтеді, күз өтеді,
Жатады мәңгі жас боп құз етегі.
Қиқулап қыран құстар төбесінде
Көкшені күндіз-түні күзетеді.
Созылып етегінде жатыр дала,
Көлдермен күңіренген ақын дала,
Толқыған егінменен,
Қарағайдан
Көтерген көк найзасын батыр дала.
Алыстан ансап мейман келіп жетсе,
Ақысыз тартар күнін көңіл етсе.
Табиғат сұлулығын қайталамай
Тұр оқшау жаны жомарт, сері Көкше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болсам-ау өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Болсам-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болсам-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болсам-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері