Қарлығаш

Бұл бетте «Қарлығаш» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарлығаш ұшты шырылдап,
Балапаны құлап ұядан.
Балалар көріп шуылдап,
Қоршады құсты құлаған.
Құм қаздым үңгіп, құнысып,
Құлаған құсты жерлеуге.
Қарлығаш шыр-пыр жүр ұшып
Қазаға әлі сенбей ме?
Шырлайды ана аяулы,
Қонақтау қайда тыныстап?
Қарлығашым-ау,
Балаңды
Бақпағаның не дұрыстап?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері