Созақ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Созақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5374
Созақ, сенен алыс кетіп барамын,
Сенен алдым таудың әнін, дала әнін.
Аман болсын жігіттері Таманың,
Аманболсын жас қыздары Таманың.
Аман болсықтаудан аққан бұлақтар,
Бұйра қозы, бөртең жүнді лақтар.
Амаң болсып жайлауда еркін жайылған
Жалбыр жалды, күпшек санды құр аттар.
Дастарқанын даладай кең жая алған,
Келдім саған мен көршілес Шаяннан.
Жігіттерің болсын Қозы Көрпештей,
Ал, қыздарың айнымасын Баяннан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері