Аңқаулар, жалқаулар және ақындар
Бұл бетте «Аңқаулар, жалқаулар және ақындар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Бәрекелді, бәлі!» деумен мақталып,
Бала кезден жыр әлемін аттадық...
Өмір сүріп
Александр Пушкинше,
Александр-падишаға жақпадық.
Қиялымда Пушкинменен бірдеймін,
Пушкин сынды өлең отын үрлеймін.
Падишаға мен жақпасам мейлі ғой,
Пушкин неге жақпағанын білмеймін.
Ақындарың әр заманда жырғамас,
Ақындардың аққан жасы құрғамас.
Аңқау емес, жалқау емес,
Ақындар,
Ата-жұрттың қазынасын ұрламас!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі