Керек – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Керек» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 2
  • 1
  • 13392
Керекті керек білмеген,
Керектен қашып күйреген,
Еріксіз керек сүйреген
Біздің қазақ емес пе?

Керексізді керек деп,
Санасыз, ойсыз дедектеп,
Керекке осы кезек деп
Адасқан азап емес пе?

Керексіз ғұмыр жайлаған,
Керекке қолын байлаған,
Еріксіз заман айдаған
Қазақ мазақ емес пе?

Керекті білген кемелдер,
Бас үшін уайым жемеңдер,
Қазақты қолдан демеңдер,
Міндетің сол емес пе?

Асыраңыз, емдеңіз,
Түзелер деп сенбеңіз,
Тартқаны бейнет, азап қой,
Қарасар жол емес пе?

«Елді жесін,– дей көрме,–
Елден елім артылып»,
Бірдей шықсын елім де
Таразыға тартылып.

Кейін қалып, елімді
Ел жемесін деп талпын,
Нысабы толық білімді
Тартады сөйтіп өз халқын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керек өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері