Тiлтұмар
Бұл бетте «Тiлтұмар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тiлтұмардай көгершiн мен кептерге,
Тұрымтайдың теперiшi өткенде,
Тұтамдай сөз өткiзе алмай өктемге,
Теңдiк үшiн тебiскендей Тептерде,
Ерулiге қарулы сай сәттерде,
Қырып-жойып оқпанмен де, оқпен де,
Құмбыл халық қара қанға бөккенде,
Қанды жұма қасiретi жеткенде,
Жер-жаһанда iшiн тартып көп пенде,
Дүниенi дүбiр кернеп кеткенде,
Ортекелер орғығандай бөктерге
Өлеңдерiм өрiп шықты дәптерге...
Өртке, дертке, сертке малған – қысса-жыр,
Шыңыраудан қайнап шыққан құса бұл,
Оу, Алашым, ақыныңды шет көрме...
Жүргiзе алмас перғауынға Мұса әмiр,
Әмiр етсе – Жаратқанның iсi әдiл...
Шерiн төккен шайырда жоқ бет-перде,
Тiлiне ешкiм сала алмайды тұсауыл!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі