Ата Заңнан аттағыш атпалдарым

Бұл бетте «Ата Заңнан аттағыш атпалдарым» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған ата туралы өлең берілген.

Ата Заңнан аттағыш атпалдарым,
Кешiре ме сендердi аққан қаным?
Жұқанасын жұртыңның жұлып жеген,
Жұқ болар ма арамнан тапқан малың?
Күрсiнгенде кеудемнен атқан жалын,
Жетер ендi табанға тапталғаным.
Көсегемдi көгертер көсем қайда,
Күйiн кешем қашанғы ақ қарғаның?!
Бостандықтың бұрмалап сатқан мәнiн?
Ала түсер айт десе қабағандай,
Көзiн ашқан күшiгiн талағандай.
Буырқанған балуанның күшi тасып,
Байлап қойып әкесiн сабағандай.
Ашу қысқан ақыл мен сана қалмай,
Таяқ алған тарихтан сабақ алмай.
Темiренiн боратып топқа кезеп,
Қорғасынмен өз жұртын санағандай.
Шөке түсiп жататын шөк дегенде,
Халық деген көнбiс қой қара нардай...
Шегiменен шыдамның шарпысады
Көнбiстiгi кемдi күн бағаланбай?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері