Жемдорба
Бұл бетте «Жемдорба» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүзiм қосқан сұлыны қылғытқасын,
Жарау жонға желбуаз шыр жұққасын,
Жүйрiгiң де көрсетер жабы мiнез,
Жемдорбаның iшiнде шұлғып басын.
Жiбек желмен жарысып, шауып өскен,
Жүйрiк едi жалынан дауыл ескен,
Жемдорбаның iшiнен желек тауып,
Жүнжiп қалды айнымай жарыместен.
Жұтқын құлдың арманы – мүлгу мәңгi,
Жүйрiкке ендi шыбындап, шұлғу қалды.
Жетекшiл ат үйiрге үн қоса ма,
Жемнен басын алуға шын қиналды.
Жемдорбаның iшiнде басын шұлғып,
Жылжып жатыр осылай ғасыр сырғып...
Жалын мүжiп үгiлген алмас құсап
Жемiрiлiп жоғалды асыл шындық!..
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі