Күнаһар қылықтары үшін Адам

Бұл бетте «Күнаһар қылықтары үшін Адам» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күнаһар қылықтары үшін Адам
Құдайдың қаһарына ұшыраған!
Жазмыштың ала жібін аттағанға
Жазылмыш жазаны да түсіне алам.
Қуып та, тұрып та аттың, жатып аттың,
Құдайға қылығыңды бақылаттың.
Танымас нысанадан өз тумысын,
Қатыбас қайырымсыз бақуат кім?
Қандауыз қайран мерген, халың қалай?
Қаруың күндіз-түні дамылдамай,
Қан шашып бұ дүниеден барғаныңда
Қоймасын о дүние қабылдамай...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері