Ұранды біздер Құрандай көрдік

Бұл бетте «Ұранды біздер Құрандай көрдік» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұранды біздер Құрандай көрдік,
Балалық шақта білместен.
Өмірді дұрыс сүре алмай келдік,
Әкелер қалай күн кешкен?
Өмірді дұрыс қалай сүруді,
Үйретпеді ешкім әлі де.
Дүние деген талай құбылды,
Жеткізбей тылсым мәніне.
Қалай сүреміз дұрыс өмірді,
Дұрыс өмірің болмаса?
Қоғамның тағы тіні сөгілді,
Тыныш дегені далбаса.
Жаңа жыл міне күрсіне кірді,
Табанымыздан сыз өтіп.
Кешеміз енді қисық өмірді,
Қисайған жерін түзетіп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері