Жаратқанның әмірі ме
Бұл бетте «Жаратқанның әмірі ме» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаратқанның әмірі ме
Қазақ бастан кешіп жатқан сорлы күй?
Құдай берген өміріңе
Өзін Құдай сезінгендер болды би...
Құдайсынып қаншама рет
Қоқаңдатты ажал шашқан құрығын.
Ақ өліммен алса деп ек,
Алла бізге өзі берген ғұмырын...
Сол пенделер құдайсынған
Тіршілігін істетпейді-ау тірінің.
Өлмеген соң шыдайсыңдар,
Бұл заманда өмір – өлім бір ұғым!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі