Достым, бүгін құлақ ас бір ақылға
Бұл бетте «Достым, бүгін құлақ ас бір ақылға» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Достым, бүгін құлақ ас бір ақылға,
Тіршіліктің күйбеңін тыя тұр да,
Таусылмайтын шаруаңды жия тұр да,
Баратұғын уақыт тап театрға!
Қайта оралар жоғалтқан қуатың да,
Қайта оянар намысың, ұятың да.
Жаңарасың, жайнайсың, жасарасың,
Сезім деген кездесіп сұрапылға!
Адам болып қайтпасаң қолыңды әкел,
Жүрші, досым, барайық театрға!
Айран көңіл мөлдіреп тазаратын,
Ақ ниет пен парасат сөз алатын,
Ана тілім айналып падишаға,
Асқақтатар биікке қазақ атын!
Кеттік, досым, тартайық театрға!
Ұшсын десең сезімің қанат байлап,
Бітсін десең бойыңа ғажап қайрат,
Жүрсін десең жүрегің жалап қаймақ,
Тұрсын десең жаныңда азат байрақ! –
Бар да, досым, бауыр бас театрға...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі