Шұңқыр

Бұл бетте «Шұңқыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанарымды сиқырлады
Бетіңдегі шұңқырың.
Күлкі ұрлады,
Ұйқы ұрлады,
Желбіретіп жыр туын.
Көзіңдегі бұлақты іштім,
Қайнарында мұң тұр ма?
Байқамастан құлап түстім
Бетіңдегі шұңқырға.
Осы ма еді бар құмарым,
Қалдым сенің ырқыңда.
Мені жерлей салшы, жаным,
Бетіңдегі шұңқырға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері