Көнбiс
Бұл бетте «Көнбiс» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қысқы күн қырық құбылып,
Жауын мен боран шұбырып,
Тасқын мен көшкiн жаудырды
Жығылған жұртқа жұдырық.
Көсемнiң өзi қайда екен,
Шешеннiң сөзi қайда екен?
Сәбилер суға кеткенде
Сұбханның көзi қайда екен?
Жүрегiм неге жылайды?
Көңiлiм неге ылайлы?
Көнтерлi көнбiс едiк қой
Қарғамайықшы Құдайды...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі