Қос жүректей табысқан
Бұл бетте «Қос жүректей табысқан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қос жүректей табысқан,
Ей, Байқоңыр, Төретам!
Қарағанда ғарыштан,
Бар адамға Жер – Отан!
Аңсап жүрек жыртылар,
Ей, Байқоңыр, Төретам!
Биікке адам ұмтылар
Қиып басын қарақан.
Сенде атамның мұңы бар,
Ей, Байқоңыр, Төретам.
Саған жетіп жығылар
Жер аңсаған сарыатан.
Еркін жанға өріс тар,
Көкке ұмтылар неге қан?
Сен бар жерде Жеңіс бар,
Ей, Байқоңыр, Төретам!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі