Жаназа жыры
Бұл бетте «Жаназа жыры» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара Ертісім тартылды,
Қоңырау көлім сарқылды.
Аласарып Алтайым,
Ақсұңқарым шарқ ұрды.
Орманым қалды ойсырап,
Арманым өртке шарпылды,
Боздаттың ба, тағдыр-ау,
Бәске байлап мәрт ұлды?!.
Жас айғыздап алқымды,
Үміт өшті. Жан тынды.
Кете барды-ау ардағым,
Тұяқ серіппей мал құрлы.
Жез орнына жұмсаппыз,
Уыстағы алтынды.
Көрсеттің бе, Құдай-ау,
Тезің, тепкің, талқыңды?
Мені қойшы...
Қалайша,
Жұбатамын халқымды?
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі