Торғыннан торқа жамылып
Бұл бетте «Торғыннан торқа жамылып» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Торғыннан торқа жамылып,
Тарбағатайдың бөктері,
Ұялас ұлды сағынып,
Ұлиды қырда көк бөрі.
Жыл толды міне, тұғырға
Қона алмай қойды жас сұңқар.
Аламан бәйге – ғұмырда
Шаба алмай қалды хас тұлпар.
Жанданып бүгін жан-денем,
Қара ту мәңгі құлар ма?
Қара ту құлағанменен
Жығылған жыға тұрар ма?
Қайғыдан бүгін қайралсам,
Алтайдың тауын айналсам,
Қолыма қыран қонар ма?
Қаншама қыран қонса да,
Рүстем құрлы болар ма?
Беу, әттең, дүние, қайран-ай,
Несіне тұрсың сайрамай?!.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі