«Өлдің, Мамай, қор болдың...»
Бұл бетте ««Өлдің, Мамай, қор болдың...»» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Өлдің, Мамай, қор болдың...»,
Сынақ – ауыр!..
Таптап жүре береді мына дәуір.
Серілер мен перілер, сал-сүлейдің
Баршасына бұйырған сыбаға бұл.
Мақтаменен бұл заман бауыздайды,
Бауыздайды, қаныңды ағызбайды.
Байыздамас жаның да байыздайды,
Жүрегіңді жалмайды жауыз қайғы.
Бөгу үшін, ей, қоғам, нұрға кілең,
Дарындарды қаншама құлданып ең.
Азып-тозған ағзаңа
Асылдардың
Қасық қаны болмады-ау мың да бір ем?.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі