Жалғыз сен бе, бауырым

Бұл бетте «Жалғыз сен бе, бауырым» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған бауыр туралы өлең берілген.

Жалғыз сен бе, бауырым,
Жер бетінде сенделген,
Жалғыздықпен ауырып,
Сағынышпен емделген.
Тірілетін күнде өліп,
Жалғыз сен бе – жас ұлан –
Ғашықтыққа құл болып,
Айырылған басынан.
Жалғыз сен бе – ойлы жан –
Тасқында тал қармаған,
Шәрбат ішіп қайғыдан,
Мұңнан мейіз талмаған.
Бір қарап қой артыңа,
Біз де сендей болғанбыз.
Жетпей өмір нарқына
Шығып қалдық жолдан біз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері