Күрең бұлттар
Бұл бетте «Күрең бұлттар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Несіне күркірейсің,
Күрең бұлттар,
Деймісің қадіріңді білер жұрт бар?
Сенің де жүйрігіңді шаптан түртіп,
Шамыңа тиді ме екен кілең қырттар?
Не шығар сен екеуіміз жылағаннан?
Жақсы ғой басың асау, бұла болған.
Шақырып жынымызды
Шамырқансақ
Апшысы қуырылмай ма мына жалған?
Көрсете бермесін деп сайрап қылық,
Ақынға қоймақ па екен қой бақтырып?
Құр босқа күркіремей,
Күрең бұлтым,
Шеріңді тарқатып ал жай лақтырып!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі