Бұл бетте «Тау үстінен қарасаң» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Таңертең
Таудан қарасаң,
Қаланың үсті
Қара шаң.
Қара көлдей тұнып жатқан,
Қара дөңдей сұлық жатқан.
Сол тымырсық қапырықта
Еркін бойын жаза алар кім?
Шіркін, жел бір сапырып қап,
Ашса жолын таза ауаның:
Ерекше бір сый-құрметтей,
Болар еді жанға тыным.
Тұрар еді күні кетпей
Күн қаласы Алматының.
Тұрар еді терезелер
Сәулелерден перде тұтып.
Жан сарайы жайнар еді,
Жас ауаны кеуде жұтып...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі