Айлы соната
Бұл бетте «Айлы соната» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспандағы Ай – анау,
Тіліміндей қауынның,
Керек шығар аялау
Айлы түнін ауылдың?..
Маужыраған түн мынау,
Жұлдыздары самсаған.
Шам түбінде, құрбым-ау,
Осы түнді аңсағам.
Тағдыр салып қылбұрау,
Тақымдаудан шаршағам…
Көре алармын кімді жау,
Дос еді ғой барша адам?
Төсті керіп тұрмын-ау,
Түнге төсеп мақпалдай.
Ішімдегі бір қырау
Еріп бара жатқандай…
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі