Күн
Бұл бетте «Күн» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн,
Саған,
Мұң шағам:
Тіршілік– тым сараң.
Кеш түсе жауығар
Неліктен мұнша адам?
Күн,
Саған,
Мұң шағам:
Ой – жүйрік, тіл – шабан.
Дүние – мәні жоқ,
Дәні жоқ құр сабан.
Күн,
Саған,
Мұң шағам:
Пенделік құрсаған.
Қанатын қаға алмас
Тумыстан тұмса жан.
Күн,
Саған,
Мұң шағам,
Жыр жазам, күй шалам.
Байлығым – Көлеңкем,
Бас-көз боп жүрші оған!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі